Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет » Страница 6 » Балалар көркемөнер мектебі
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"Балалар көркемөнер мектебі"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-25-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-22-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет
07
май
2019

Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет

                            

Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметов Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагері, Тараз қаласының тұрғыны Тілеуқабыл Төребековтің шаңырағына арнайы барып құттықтады. Асқар Исабекұлы ардагердің бейбітшілік орнатуға қосқан үлесі мен соғыстан кейінгі ұзақ жылдар бойы атқарған жемісті еңбегін атап өтіп, бүгінгі ұрпақ атынан алғысын жеткізді.Тілеуқабыл Төребеков 1925 жылы Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, партия мектебін бітірген. 1943-1950 жылдары Кеңес әскері қатарында қызмет атқарып, оның 5 жылында Жапон соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары қоғамдық, партиялық жұмыстарға белсене араласқан. 1959-1960 жылдары тамақ өнеркәсіп орындары жұмысшылары облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып еңбек еткен. Облыстық әкімшілікте коллегия және облыстық тәртіптік кеңестің мүшесі болған. Одан кейінгі жылдары Жамбыл қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. «Отан соғысы» орденімен және 17 мерекелік медальмен марапатталған.Сондай-ақ бұл күні облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов, облыс әкімінің орынбасарлары, қала және аудан басшылары да өңірдегі бірқатар ардагерлердің үйіне барып, мерекемен құттықтады.Айта кетейік, бүгінде облыста барлығы Ұлы Отан соғысының 75 ардагері бар десек, мереке қарсаңында олардың әрқайсысына қалалық және аудандық бюджеттер есебінен 300 мың теңгеден сыйлық ретінде берілді. Ал Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілгендерге 100 мың теңгеден, тыл еңбек ардагерлеріне 50 мың теңгеден қарастырылған.Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Candaivalse
5 сентября 2022 02:04
Распродажа формы всех клубов и аксессуаров для мужчин, женщин и детей. Примерка перед покупкой, форма Манчестер Юнайтед 20 21. Бесплатная доставка по РФ. форма Manchester United 2021 форма клуба МЮ - http://www.footballnaya-forma-manutd.ru/ https://backlinks.ssylki.info/?who=footballnaya-forma-manutd.ru Футбольная форма с быстрой доставкой в любой город РФ. b28ecad
Назад 1 2 3 4 5 6 Вперед